Мақалалар

Дағдарысқа қарсы менеджмент

Қазақстанда шамамен 4 млн автокөлік тіркелген – орташа есеппен алғанда әрбір бесінші адамда автокөлік бар. Бірақ автокөлік иелері автомобиль шиналарын қаншалықты жиі ауыстыратыны және ескілерімен не істейтіні жайлы мәліметтер жоқ. Ескірген автошендерді өз бетімен өртеуге немесе оларды полигондарға лақтыруға заңмен тыйым салынған, оларды әсіресе көп мөлшерде сақтау қауіпті, сондықтан Қазақстанда ескі автомобиль шиналарын өңдеу проблемасы күрделі болып табылады. Кәсіпорындардың жетіспеушілігі, кәдеге жаратудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесінің болмауы елде жыл сайын 100 000 тонна экологиялық зиянды қалдықтардың пайда болуына әкеп соқтыруда, ал олардың тек 30%-ы ғана қайта өңделуде.

Пайдаланылған шиналардың аз ғана бөлігі сақтау үшін арнайы жабдықталған полигондарда орналастырылады. Бірақ тіпті ұйымдастырылған қоймалар қоршаған ортаны ластау көзі болып табылады және бақыланбайтын өрттің пайда болу мүмкіндігін арттырады. Мәселенің ең жақсы шешімі - бұл ескі шиналарды қайта өңдеу және екінші реттік шикізат жасау.

Саланың алғашқы қадамдары

Қазақстанда пайдаланылған автошендерді жинаумен және кәдеге жаратумен кешенді түрде таяуда ғана айналыса бастады. Қазір нарықта екі салалық реттеуші бар, олардың негізгі міндеттері - шикізат жеткізілімдерін тұрақтандыру, қайта өңдеушілерді экономикалық қолдау, сертификаттау және экологиялық заңнаманың талаптарына кәсіпорындардың қызметін сай келтіру. Нәтижесінде зауыттар мен компаниялар белсенді түрде ашыла бастады, бүгінде елімізде 20 шина өндейтін кәсіпорын бар.

2009 жылы Нұр-Сұлтанда автошиналарды кәдеге жарату және өңдеу бойынша Қазақстандағы ең ірі зауыт ашылды. Ресми деректер бойынша бастапқы инвестициялар $6,7 млн. құрады. 2012-2014 жылдары кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Өкінішке орай, зауытты банкроттықтан құтқару әрекеттері нәтиже бермеді және оның қызметі толығымен тоқтатылды.


Зауыттың екінші өмірі

2020 жылдың желтоқсанында бизнес-жобаларды стратегиялық басқаруға мамандандырылған KUB management компаниясы бірнеше дағдарыстық өндірістік нысандарды, соның ішінде шиналарды кәдеге жарату жөніндегі елордалық зауытты қарастырды. Компания мұндай объектілермен жұмыс істеу тәжірибесі бар, себебі дағдарысқа қарсы менеджмент стартаптарды іске қосумен және қолданыстағы бизнесті масштабтаумен қатар оның қызметінің негізгі бағыттары болып табылады.

Зауыт бірнеше себептерге байланысты KUB сарапшыларының назарын аудартты. Біріншіден, Қазақстанда көлемі мен қуаты жағынан оған балама жоқ. Екіншіден, қайта өңдеу саласын мемлекет жасыл экономика мен технологияларды дамыту бағдарламалары шеңберінде белсенді қолдайды, сондай-ақ қоғам мен қоршаған ортаны қорғау үшін зор маңызға ие. Үшіншіден, екінші реттік қайта өңдеу өнімдері, атап айтқанда, резеңке ұнтақтары нарықта үлкен сұранысқа ие.
Қолданыстағы дағдарысқа қарсы менеджмент
Жобаны талдап, зерделей келе KUB management директорлар кеңесі зауытты басқаруға шешім қабылдады. Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары жылдам «реанимацияны» және желілерді іске қосуды қамтыды, сонымен бірге бизнес-жоспар мен ұзақ мерзімді стратегия әзірленді.

Дағдарысқа қарсы басқару тәуекелдер-менеджментінен компанияларды түрлі басқару құралдары арқылы орын алған дағдарыстан шығарумен ерекшеленеді. Тәуекелдер-менеджменті ықтимал қауіптерді бағалауды және олардан аулақ болудың жақсы жолдарын іздеуді қамтыса, дағдарысқа қарсы басқару болса нақты қауіптермен олар орын алғанға дейін, кезінде және орын алғанннан кейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, дағдарыстың тереңдігі болжаудың мүмкін еместігі, шешім қабылдауға аз уақыт, өзгеру қажеттілігі сияқты өлшемшарттармен бағаланады.

Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында KUB management жобалық тобы зауытты қысқа мерзімде – 2021 жылдың қаңтар - шілдесінде қайта іске қосты.

«Осы уақыт ішінде біз топ-менеджмент және жетекші инженерлерді қоса алғанда, мамандардың жаңа командасының рекрутингін жүргіздік, жабдықты жөндеу және теңшеу жұмыстарын жүргіздік. Өндірістік қуаттылықты қалпына келтіріп, желілерді іске қостық. Сәуір айында шиналарды қабылдау белсенді басталып кетті. Ал жазда ECORUBBER recycling зауыты толығымен іске қосылды. Қазіргі уақытта зауыт командасы 37 адамнан тұрады. Қазір қуаттылықты арттыру, ірі клиенттермен жұмыс істеу, қосымша жабдық сатып алу, өнім желісін кеңейту сияқты бизнесті белсендіру кезеңі жүріп жатыр», – дейді зауыттың атқарушы директоры Сандро Ягмуров.

Бүгінгі таңда ECORUBBER Recycling – шиналарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша Қазақстандағы ең ірі зауыт болып табылады. Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 10 000 тоннадан астам (бұл Қазақстандағы қайта өңделетін «авторезеңкенің» үштен бірі). Толық жүктеме кезінде өндіріс көлемі айына 600 тоннадан асады. Кәсіпорын озық неміс жабдығымен жарақтандырылған, бұл қызметкерлер үшін барынша аз тәуекелдермен автоматты режимде қайта өңдеудің барлық кезеңдерінде сапалы және қауіпсіз кәдеге жаратуға кепілдік береді. Еуропалық технология экологиялық таза және сапалы резеңке үгіндісі мен металл жоңқасын шығаруға мүмкіндік береді.

«Біз 0-0,1 мм, 0,1-0,2 мм, 0,2-0,4 мм үш фракцияның жоғары сапалы таза үгіндісін шығарамыз. Ол шабу әдісімен жасалады, бұл әр бөлшектің беттерін әбден тегіс етеді, және тығыз желімдеу мен берік бет жасауға мүмкіндік береді. Бөлшектерді сүзгілеу кезде барлық артық және қажетсіз металл бөлшектері, маталар жойылады. Алынған өнім өзінің бірегей қасиеттерін жоғалтпайды. Оны спорт алаңдарын абаттандыруда, жол құрылысында, мұнай және аяқ киім өнеркәсібінде пайдалануға болады», — дейді Сандро Ягмуров.


Жоспарлар мен перспективалар

Қазақстанда қалдықтарды өңдеу мен қайталама өндіріс әлі де даму сатысында. Осы саладағы компаниялардың саны біртіндеп артып келе жатқанына, тиісті заңдар мен реттеуші нормалардың қабылдануына қарамастан, басқарудың барлық деңгейлерінде кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі қатты сезілуде. Бұл мәселені мемлекеттің, жұмыс берушілердің және білім беру саласының күшімен кешенді шешу қажет.

Проблеманы шешудегі басқа мемлекеттердің тәжірибесі бұл бөлек мәселе. Мысалы, Еуропа мен АҚШ-та резеңке компонент жол жабынына қосылады, бұл оның тозуға төзімділігін бірнеше есе арттырады. Қайта өңделген резеңкеден жоғары сапалы жаңа автомобиль шиналары жасалады. Бұл практиканы енгізу Қазақстан үшін саланың керемет дамуын білдірер еді.

Шиналарды қайта өңдеу өндірісі бірден бірқатар мәселелерді шешеді: экологиялық, шикізаттық, әлеуметтік. Қазіргі уақытта ECORUBBER Recycling зауытының зор стратегиялық жоспарлары бар: көшбасшылықты нығайту және Қазақстан нарығындағы үлесін арттыру, сатылымдарды масштабтау және ассортиментті кеңейту, халықаралық нарықтарға шығу.