Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда заңгерлер АХҚО аясында еңбек реттеу тақырыбын талқылады.

АХҚО жұмыскерімен еңбек шартын жасау кезінде ең төменгі талаптарды белгілейтін АХҚО Еңбек регламентінің нормаларына сүйену қажет. Бұл туралы 3 шілдеде өткен Astana Finance day онлайн-конференциясының Business Connect форумының сессиясы аясында Muratov Law Firm Limited CEO және директоры Айнұр Ахметова хабарлады.
АХҚО заңнамасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына негізделген. Өз кезегінде, АХҚО актілері Ұлыбритания және Уэльс заңнамасының қағидаттарына, нормаларына және прецеденттеріне, сондай-ақ жетекші әлемдік қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығында қызметкерлер және АХҚО жұмыс берушілері арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін Жұмысқа орналастыру туралы ереже енгізілді. Ереженің қағидалары жұмыс беруші мен жұмыскер ұстануы тиіс ең төменгі талаптарды ғана белгілейді. Бұл ретте жасалған еңбек шарты Регламенттің Ережелерімен белгіленгеннен неғұрлым қолайлы жағдайларды жасай алады.

Мысалы, ҚР Еңбек кодексімен салыстырғанда Регламент қызметкерлерді қауіпсіздік және денсаулық мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді, білімін тексеруді көздемейді.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы да әр түрлі реттеледі, Регламенттің Ережелерінде ол 20 жұмыс күнін, ал ҚР Еңбек Кодексі бойынша 24 күнтізбелік күнді құрайды. Сондай-ақ, бала күтімі бойынша ақылы әкелік демалыс Регламент бойынша кем дегенде 5 жұмыс күніне беріледі, ал ҚР ЕК-ға сәйкес ақы төленбейтін демалыс 5 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге беріледі.

Сонымен, егер негізгі айырмашылықтар туралы айтатын болсақ, онда еңбек шартын бұзу тармағында Регламент жұмыскер мен жұмыс берушінің тең мүмкіндіктері болатынын көздейді, бұл жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа еңбек қатынастарын тоқтататыны туралы хабарлап, ал себептер болған жағдайда хабарламасыз, себептерін көрсетпей еңбек шартын бұзуға құқылы. ҚР ЕК-да бұл мәселе әлдеқайда күрделі реттеледі, құжатта еңбек қызметін бұзу үшін кемінде 20 негіздеме қамтылған.
«Регламентте жұмыскер мен жұмыс беруші арасында іс жүзінде туындайтын немесе туындауы мүмкін барлық қатынастардың реттелмегенін ескере отырып, біз осы мәселелерді қамтитын, оның ішінде, ҚР еңбек заңнамасының негізінде еңбек шартын әзірлеуді ұсынамыз», - деп нақтылады Ахметова.

АХҚО - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы. АХҚО-ның негізгі мақсаты ұсынылатын қаржы құралдарының кең спектрі бар өтімді және теңгерімді капитал нарығын дамыту болып табылады. АХҚО-осы өңірдегі капиталға кең қол жетімділікті және қаржылық қызметтер мен инвестициялық құралдардың кең спектрін ұсынатын бірегей платформа. АХҚО жалпы ағылшын құқығы негізінде әрекет етеді, қаржы орталығының құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен бекітілген. АХҚО-ның ресми тілі ағылшын тілі болып табылады.
Muratov Law Firm Limited - АХҚО аумағында лицензияланған халықаралық заң фирмасы. Бизнеске корпоративтік қызмет көрсетуге, оның ішінде, компанияларды тіркеуге дейінгі және кейінгі кезеңде қызмет көрсетуге, сараптама ұсынуға, заң қорытындысын беруге, АХҚО қатысушыларының қаржылық мәмілелерін толық заңды сүйемелдеуге және т. б. маманданған.