Жаңалықтар

Маңызды бастама: Prime School ҚР БҒМ лицензиясын алды.

Құрметті ата-аналар, әріптестер, достар!

Prime School мектебі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясын ресми түрде алғанын қуана хабарлаймыз.

Мектепті іске қосу екі кезеңнен тұрады. Осы 2021-2022 оқу жылында нөлдік сыныптар мен 1-ден 4-сыныпқа дейін бастауыш мектепке оқуға қабылдау басталады.
2023 жылы жеке жаңа кампуста 0-12 сынып аралығындағы балаларды оқыту үшін «үлкен» мектепті іске қосу жоспарланған.

Біздің мақсатымыз - мектеп оқушылары үлкен биіктерге жетіп, барлық қол жетімді мүмкіндіктерді пайдалану арқылы өз қабілеттерін барынша арттырып, үлкен ғылыми жобалар мен олимпиадаларға қатысуын қамтамасыз ету. Бұл үшін мектеп барлық қажетті жағдай жасады.
Мектептің оқу бағдарламасының негізі-Қазақстан Республиканың мемлекеттік білім беру стандарты (МЖБС). Біздің тәсіліміздің ерекшелігі-негізгі бағдарламаларға IB - халықаралық бакалавриат бағдарламаларының қосылуында. Осылайша, оқушылар үшін мектептен кейінгі білім таңдауы кеңейтіледі, олар Prime School-да оқуды аяқтағаннан кейін жалпы орта білім туралы аттестат негізінде және ҰБТ тапсыру арқылы қазақстандық жоғары оқу орындарына, сондай-ақ IB сертификаты негізінде, foundation дайындық кезеңінсіз шетелдік жоғары оқу орындарына түсе алады.
Мектепте оқыту келесі бейіндер бойынша бөлінген: ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Қабылдану кезінде бала кіру тестін тапсырады, оның нәтижелері оқыту профилін анықтайды. Бұл мәселеде баланың қабілеттері мен дарынына басымдық беріледі.

Prime School - 5-сыныптан бастап ұлдар мен қыздар бөлек оқытатын Қазақстандағы алғашқы прогрессивті мектеп.
Өздеріңіз білетіндей, ең жақсы еуропалық және британдық мектептер осындай форматтағы мектептер болып табылады. Біз осы халықаралық тәжірибені ұстанамыз. Бөлек оқыту балалар үшін тиімді және ыңғайлы болатыны ғылыми дәлелденген. Ұлдар мен қыздарды оқыту мен тәрбиелеу тәсілдері әр түрлі, орташа алынған емес, дараланған болуы тиіс.
Бөлек оқытудың дәстүрлі тәсілінен ерекше, Prime School-да барлық сыныптан тыс іс-шаралар мен қосымша клубтар, секциялар, белсенді іс-шаралар бірге өтеді. Бұл балаларға қарым-қатынас жасауға, дос болуға және бірге дамуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз шектен шықпай, тек жақсы тәжірибені енгіземіз.
Prime School-бұл бір жағынан білім беру үрдістерінің шыңында орналасқан, ал екінші жағынан-өз оқушыларының мүдделері мен болашағына үнемі назар аудара отырып, педагогиканың ең жақсы тәжірибесі мен дәстүрін сәтті қолданатын прогрессивті заманауи мектеп.
Сіздерді және Сіздің балаларыңызды біздің мектепте көруге қуаныштымыз!

Мектеп туралы толығырақ: prime-school.kz